Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды интеллект технологияларына мән беру - аса маңызды басымдық». Бұл-Қазақстанның цифрлық даму жолындағы стратегиялық ұстанымын айқындайтын маңызды бастама.Бүгінде жасанды интеллект экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналып келеді. Осыны ескерген Мемлекет басшысы 2026 жылды Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы деп жариялап, елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды. Заманауи заңнамалық негіздің қалыптасуы, суперкомпьютерлердің іске қосылуы және халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастықтың кеңеюі Қазақстанның бұл бағыттағы нақты қадамдарын көрсетеді.Жасанды интеллектіні тиімді дамыту-инновацияны қолдап қана қоймай, инвестиция тартуға, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге жол ашады. Сондықтан Президент айқындаған цифрлық даму бағыты-Қазақстанның тұрақты өркендеуінің берік негізі.
Г.Есқалиева
тарих пәнінің мұғалімі



