Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну адам денсаулығына ғана емес, отбасының тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізеді. Ішімдікке тәуелділік түрлі ауруларға, отбасылық жанжалдарға, жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін. Әсіресе жастар арасында алкогольдің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн. Ішімдіксіз өмір – саналы таңдау, ал салауатты ұрпақ тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет.
Тілектес Қибатолла



