Соңғы уақытта Telegram арқылы «Сіз ұтысқа ие болдыңыз!» деген хабарламалар жиілеп кетті. Мұндай хабарламалардың басым бөлігі – интернет-алаяқтардың айласы. Олар сыйлық немесе қомақты ақша ұтып алғаныңызды айтып, жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметін немесе кодтарды сұрауы мүмкін.
Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, белгісіз адамдарға жеке мәліметтеріңізді бермеңіз. Егер расында ұтыс болса, ол ресми түрде расталып, сізден құпия ақпарат талап етілмейді.
Қарапайым сақтықтың өзі қаржыңызды және жеке ақпаратыңызды қорғауға көмектеседі. Күмәнді хабарламаларды бірден өшіріп, бұғаттаған дұрыс. Интернеттегі қауіпсіздік – әр азаматтың өз жауапкершілігі.
А. Жаманқұлова
ID маманы


