ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылымында 2025 жылы «Жалған ақпаратқа қарсы күрек жөніндегі орталық» іске қосылды. Қоғамдық сенімді нығайту және медиа кеңістікте манупуляциядан қорғау үшін жаңа сын-қатерлерге жүйелі түрде әрекет ету маңызды. Осы орайда ақпараттық кеңістіктің мәнін өзгертіп жатқан жасанды интеллект пен технологияларды пайдалану саласына назар аудару керек.
– Ақпараттық кеңістіктің тез өзгеретін сипатын ескере отырып , жалған ақпаратқа қарсы күресті бөлек бағыт ретінде айқындауды жөн санадық. Бұл тұрғыда әлеуметтік желілерде жаңалықтардың лезде шығуы, фактілерді интерпретациялармен алмастыратын контенттің кең таралуы, сондай-ақ нейрондық желілер мен дипфейктерді қоса алғанда технологиялардың қолданылуы мәселесіне мән беріліп отыр. Ең алдымен, бұл қадам фейктің пайда болуынан оны ресми түрде жоққа шығаруға дейінгі аралықты қысқартуға және жалған ақпаратты жоққа шығарудың тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Орталықтың мақсаты Президент белгілеген басымдықтармен тікелей үйлесетінін тағы да атап өткім келеді. Жолдауда стратегиялық мақсат қойылған: Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек.
Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталыққа – осы стратегияның маңызды элементі. Ол цифрлық медиакеңістікті қорғауды, сонымен қатар жаңа цифрлық мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда ақпараттық манипуляцияға төтеп беру қоғамды жаңғыртудың және ұлттық бірлікті нығайтудың негізі болады.
Азаматтар күмәнді материалдарды өзіне ыңғайлы байланыс арналары арқылы жолдай алады - Telegram-дағы чат-бот: @AntiFakeCenterBot; ресми электронды пошта: jalgan-akparat@ ortcom.kz. Барлық келіп түскен өтінім талдаудан өтеді және қажет болған жағдайда шара қолдану үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жіберіледі, - дейді Орталық коммуникациялар қызметі директоры Асқар Омаров.
Жалпы алғанда, Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталықтың жұмысы қоғамның ақпаратттық монупулияцияға төзімдірек болу , сондай ақ медиакеңістікте жауапкершіліктің артуына және оны ашық етуге ықпал етеді. Бұл қадамдар адамдардың тек тексерілген дереккөздерге сүйенетінін, ал жалған ақпараттың әсері тез жоғалатынын білдіреді.

