Жаңару мен жауапкершілік

2026 жылғы 15 наурыз – ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды күн. Бұл – тек дауыс беру ғана емес, мемлекетіміздің алдағы даму бағытын бірге айқындайтын тарихи мүмкіндік.

Сен осы күні өз таңдауың арқылы Қазақстанның саяси және қоғамдық өміріндегі жаңа кезеңнің басталуына үлес қоса аласың. Жаңа Конституцияның бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы – оның шынайы халық қолдауына ие болуын білдіреді. Бұл құжаттың заңдық күші де, қоғамдық маңызы да арта түседі.

Сенің белсенділігің – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Әр дауыс – маңызды. Әр пікір – құнды. Мемлекеттің басты заңын халық болып талқылау және шешім қабылдау – демократиялық қоғамның айқын белгісі.

Алдағы референдум – ортақ шешімге бірге келудің, ел ертеңін бірге қалыптастырудың жарқын мүмкіндігі. Болашағыңа бейжай қарама!

 

 

Айгерим Мергалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT