Қазақстан Конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін сапалық тұрғыдан жетілдіруге арналған маңызды бастама.
Ата заңдағы жаңа қағидаттар мемлекеттік билік құрылымдарының өзара байланысын айқындап, басқару үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталды.
Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті тереңдете түседі. Құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға басымдық беріліп, азаматтардың мүддесін қорғау тетіктері нақтыланды. Қоғамдық бақылау институттарының рөлі артып, жариялылық мәдениеті қалыптаса бастады. Мұндай үрдістер сенім мен тұрақтылықтың берік негізін қалайды.
Жалпы алғанда, реформа елдің ұзақ мерзімді стратегиялық дамуына құқықтық тірек болуды көздейді. Заң үстемдігіне сүйенген жүйе ғана әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыра алады.
Ақжібек Сабырғалиева
«Amanat» партиясының индер аудандық атқарушы хатшысы



