Жаңа Конституция – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды қадам деп ойлаймын. Қазіргі реформалар мемлекетті жаңартумен қатар, адам құқығын қорғауды, әділетті қоғам құруды және заманауи даму бағытын күшейтуге бағытталған.
Жаңа құжат жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғам сұранысына сай жаңа құқықтық модель қалыптастыруға бағытталғаны айтылуда. 
Мұғалім ретінде білім, ғылым, мәдениет пен инновацияның басымдық ретінде көрсетілуі өте маңызды деп санаймын. Себебі елдің болашағы – білімді, саналы, жауапты ұрпақтың қолында. 
Мен үшін Конституция – тек заң емес, ол елдің құндылықтары мен болашақ бағытын айқындайтын негізгі құжат.
Қайырбек Кенжәлиев
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мұғалімі



