Жаңа реформа -жаңартуға жасалған маңызды қадам

Қазақстанда жүзеге асқан жаңа Конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, билік тармақтарының теңгерімін нығайтуға және азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейтуге негіз болды.

Реформа аясында Парламенттің рөлі күшейтіліп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне серпін берілді. Конституциялық Соттың құрылуы азаматтардың өз құқықтарын қорғауына қосымша мүмкіндік ашты. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды өзгерістердің бірі.

 

Жалпы алғанда, жаңа реформалар елдегі саяси мәдениеттің дамуына, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершіліктің артуына ықпал етеді деп есептеймін. Ең бастысы – заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарының нақты жүзеге асуы.

Мирдана Капезова

индер аудандық аналар кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT