Жаңа нормалар-жаңа Қазақстанның құқықтық тірегі

Конституцияға енгізілген өзгерістер – елдің саяси мәдениетін жаңғыртып, қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды шешім. Бұл реформа мемлекет басқарудағы ашықтықты күшейтіп, халықтың пікірін ескеруді басты қағидаға айналдыруды көздейді.

Жаңартылған нормалар арқылы билік тармақтарының жауапкершілігі айқындалып, әділдік пен заң үстемдігі қағидаттары нығая түседі. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері басым бағыт ретінде айқындалуда.

Конституция реформасы – елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз болатын стратегиялық бастама. Бұл өзгерістерді қоғамның дамуына серпін беретін, болашаққа сенімді қадам деп есептеймін.

А. Керімбайқызы

"AMANAT" партиясының Индер аудандық филиалының 

атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026