ЖАҢА КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТЫЛУДА

АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ КӨРІКТЕНДІРІЛУІ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ ШАРАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ҚАУЛЫСЫНА СӘЙКЕС КЕНТТІҢ КӨШЕЛЕРІН КӨРІКТЕНДІРІП, ТАЗАЛЫҒЫНА БАСА МӘН БЕРІЛМЕКШІ. 

 Индербор кентінің әкімі Шалқар Алмурзиевтің айтуынша, 30 жерге жаңадан қоқыс контейнерін ор­нату жұмыстары басталып кеткен.

– Әзірге кенттің орталық көшелерін қолға алдық. Бірте- бірте үйлер алдындағы қоқыс сала­тын тоңазытқыштардан арылатын боламыз. Жаңадан орнатылған контейнерлердегі қоқыстарды «АгроСтройИндер» ЖШС арнайы орынға тасымалдаумен айналы­сады, – дейді кент әкімі Шалқар Болатұлы.

Контейнерлер бір жерге әрі арнайы дайындалған орындарға қойылуда. Оның үстіне қақпағы да жабық. «Енді ит-құс, мал ша­шып кетеді» дегеннен арылатын боламыз. Десек те бұл жерде тұрғындардың жауапкершілігі маңызды. Себебі сол қақпағын ашуға ерініп, қоқысты жан- жағына тастай салатындар бар көрінеді. Ойланатын жайт!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT