Мен мұғалім ретінде Жаңа Конституциялық реформаны ел болашағына жасалған маңызды қадам деп қабылдаймын. Бұл өзгерістер адам құқығын қорғауға, қоғамдағы әділдікті нығайтуға бағытталғаны қуантады. Ең бастысы – реформаның өзегінде адам капиталы мен жас ұрпақтың дамуына ерекше мән берілген. Білім беру саласының мәртебесінің артуы – ұстаздар қауымы үшін үлкен қолдау.
Оқушыларға заңға құрметпен қарауды үйрету – біздің басты міндетіміз, ал бұл реформа сол тәрбиенің берік іргетасын қалайды. Мемлекет пен азамат арасындағы сенім күшейіп, ашықтық қалыптасады деп сенемін. Әр бала өз құқығын біліп өссе, ертең жауапты азамат болады.
Меніңше, бұл реформа қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Өзгеріс бір күнде келмесе де, оның жемісі болашақта айқын көрінеді. Сондықтан мен Жаңа Конституциялық реформаны қолдаймын және оны еліміздің жарқын келешегіне бастар сенімді жол деп бағалаймын.
Мейрамгүл Нұрсұлтанқызы
Тәлімгер



