Жаңа Конституциялық реформа – білімді ұрпақ пен әділетті қоғамның берік іргетасы

Мұғалім ретінде мен Жаңа Конституциялық реформаны еліміздің дамуына серпін беретін маңызды құжат деп бағалаймын. Конституцияда әділеттілік, заң және тәртіп қағидаларының нақты бекітілуі – өскелең ұрпаққа берілетін үлкен өнеге. Себебі біз балаларды ең алдымен заңға құрметпен қарауға, әділ болуға тәрбиелейміз.
Адам құқықтарының Конституцияның өзегіне айналуы – демократиялық қоғамның айқын көрінісі. Құқықтық қорғаныстың күшеюі әр азаматтың ертеңге деген сенімін арттырады. Әсіресе цифрлық ортада құқықтарды қорғау мәселесінің қамтылуы – заман талабына сай шешім деп ойлаймын.
Білім мен ғылымға басымдық берілуі – ұстаздар қауымы үшін ерекше маңызды. Ресурстан білімге көшу қағидасы Қазақстанның болашағы білімді ұрпақпен байланысты екенін көрсетеді. Зайырлы білім беру жүйесінің сақталуы оқушылардың еркін ойлауына және саналы азамат болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
Меніңше, бұл реформа тек заңдық өзгеріс емес, ол – құндылықтық жаңару. Ол әр баланың әлеуетін ашуға және қоғамда тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан мен Жаңа Конституциялық реформаны қолдаймын және оны еліміздің жарқын болашағына бастар сенімді қадам деп есептеймін.

Қайырбек Жеңісұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026