Жаңа Конституция жобасының жариялануы – еліміздің саяси-құқықтық дамуындағы маңызды кезең

Бұл құжат мемлекеттілікті нығайтып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Жоба мазмұнында адам құқықтарының басымдығы, билік тармақтарының тепе-теңдігі мен жауапкершілігі, заң үстемдігі қағидаттарының нақтырақ айқындалуы – оң қадам. Әсіресе, қоғам сұранысына сай ашықтық пен есептілікті күшейтуге бағытталған нормалар мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыра түседі. Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол елдің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық негіз. Сондықтан әрбір бап жан-жақты талқыланып, қоғамдық пікір ескерілгені маңызды деп есептеймін. Жаңа Конституция жобасы әділетті, жауапты және инклюзивті мемлекет қалыптастыруға қызмет етеді деп сенемін.

Ақжібек Керімбайқызы 

"AMANAT"партиясының атқарушы хатшысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026