Жоба мазмұнынан ең алдымен адамға бағытталған ұстаным айқын сезіледі. Азаматтың құқығы мен қадірі мемлекеттің басты өлшеміне айналуы тиіс деген ой алдыңғы қатарға шыққан. Бұл – әділетті қоғам құруға деген талпыныстың көрінісі. Сонымен бірге елдің бірлігі, тәуелсіздігі, заң үстемдігі сияқты іргелі қағидаттар нығайтылып, білім мен ғылымға, жаңашылдық пен жауапкершілікке басымдық берілген. Жалпы алғанда, бұл жоба – мемлекетті жаңаша дамытуға бағытталған, қоғам мен билік арасындағы сенімді күшейтуді көздейтін бастама.
Мейрамгүл Нұрсұлтанқызы
Əбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебінің тəлімгері



