Жаңа Конституция: өзгермейтін құндылықтар мен болашаққа бағыт

Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды.


Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген.
Сонымен қатар, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы болып табылатыны бекітілген.
Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс.                  Қорытындылай келе, Конституцияның жаңа жобасы – заманауи сын-қатерлерге жауап беретін, халық мүддесін алдыңғы орынға қоятын және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық құжат.

Ақерке Абылайхан

Химия ғылымдарының докторы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026