Жаңа Конституция – мемлекеттің саяси-құқықтық дамуын айқындайтын негізгі заң. Онда адам және оның қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде танылғаны қоғамдағы әділет қағидатын нығайтады. Әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы құқықтық мемлекет құрудың басты шарты деп білемін. Заң үстемдігі ұстанымының бекітілуі мемлекеттік органдар мен азаматтардың тең жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Конституцияда ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге басымдық берілуі тұрақтылықтың кепілі бола алады. Әлеуметтік мемлекет қағидаты халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Азаматтардың ел өміріне қатысу мүмкіндіктерінің кең болуы демократиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Мемлекеттік басқаруда ашықтық пен тиімділікке мән берілуі заман талабына сай келеді.
Менің ойымша, Жаңа Конституция – тек заң нормаларының жиынтығы емес, ол – ел болашағын айқындайтын стратегиялық бағдар. Ол әділеттілікке, жауапкершілікке және тұрақты дамуға негізделген қоғам қалыптастыруға қызмет етеді.
Нұртас Құспанов
коалиция мүшесі

