Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды қадам. Бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтың қадір-қасиеті бірінші орынға қойылып, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігі күшейтілді.
Конституциялық өзгерістер әділ қоғам құруға, билік тармақтарының теңгерімін сақтауға және азаматтардың ел басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл – халықтың үні естілетін, заң үстемдігі орнаған мемлекет қалыптастыруға бағытталған шешім.
Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол қоғамның болашаққа деген сенімін нығайтатын, ел бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ортақ құндылық.



