Жаңа Конституция – ел болашағына бағытталған маңызды қадам

Мен жаңа Конституцияның жарияланған жобасын толық қолдаймын. Бұл құжат – заман талабына сай, елдің болашағына бағытталған маңызды қадам. Білім, мәдениет, ғылым мен инновацияны басымдық ретінде айқындауы – ұлттың ұзақ мерзімді дамуына салынған инвестиция деп білемін.

Жаңа Конституцияда адам құқығының күшеюі, әлеуметтік әділеттілік, билік тармақтарының теңгерімі мен ашықтығы нақты көрініс тапқан. Ең бастысы – бұл Ата Заң Халықтың мүддесіне қызмет етуге бағытталған.

Мен азамат ретінде жаңа Конституция жобасын қолдаймын және барша жұртты мәтінмен танысып, өз ұсыныс-пікірін белсенді түрде білдіруге шақырамын. Ел тағдырына қатысты шешімді халықтың өзі қабылдауы – нағыз демократияның көрінісі.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Нұрбол Ергалиев

"Жастар" орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT