Жаңа Конституция аясында азаматтардың еңбек ету құқығы, әділ еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қорғалуы күшейтілді. Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жетілдіру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық беріп отыр.
Жұмыспен қамту маманы ретінде біздің негізгі міндетіміз – жұмыссыз және NEET санатындағы жастарды қолдау, оларды тұрақты жұмыс орындарына бағыттау, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, кәсіптік оқыту және қайта даярлау бағдарламаларына тарту.
Әр азаматтың әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға жол ашу – әділетті әрі дамыған қоғам құрудың маңызды бөлігі.
Динара Мусина
"Мансап" орталығының директоры



