Қазақстандағы Конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін жаңарту және құқықтық мемлекет қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер билік тармақтарының арасындағы теңгерімді күшейтіп, азаматтардың саяси үдерістерге қатысуын кеңейтеді.
Реформа нәтижесінде Парламент пен жергілікті өкілді органдардың өкілеттігі артты, саяси партиялардың қызметі мен сайлау жүйесі ашық әрі әділ жүргізілуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері жаңартылды.
Менің ойымша, бұл реформалар елдің демократиялық дамуына серпін береді, әрі қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға үлес қосады. Ең бастысы – қабылданған нормалардың күнделікті өмірде нақты іске асуы.
Гулфара Абенова

