ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ - ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

2026 жылғы жаңа Конституция жобасы – елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды құжат. Менің ойымша, бұл жоба қоғамдағы әділдік, заң үстемдігі және демократиялық қағидаларды нығайтуға ықпал етеді.

Жаңа Конституцияда адам құқықтарының тумысынан берілетін, ажырамас құндылық екені ерекше атап өтілгені – өте маңызды өзгеріс. Бұл әр азаматтың құқықтары мемлекет үшін басты басымдық екенін көрсетеді. Сонымен қатар, заңдардың мазмұны адам құқықтарына сай болуы тиіс деген талап құқықтық мемлекеттің негізін күшейтеді.

Тағы бір маңызды қыры – билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау және қоғам мүддесін қорғау мәселелерінің қарастырылуы. Бұл мемлекет басқару жүйесінің ашық әрі тиімді болуына мүмкіндік береді.

Жаңа Конституция – заманауи талаптарға сай, адам құқығын қорғауға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған құжат. Ол елдің демократиялық дамуына оң әсер етеді деп есептеймін.

 

Гульнафис Ескалиева

ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT