2026 жылғы 15 наурыз – жай ғана дауыс беру күні емес. Бұл – еліміздің саяси дамуы мен қоғамдық өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын айқындайтын тарихи сәт. Осы күні әрбір Қазақстан азаматы өз пікірін ашық білдіріп, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын шешімге қатысу мүмкіндігіне ие болады. Жаңа Конституцияның бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылдануы оның заңдық күшін арттырып қана қоймай, қоғам тарапынан кең қолдау тапқанын білдіреді. Азаматтардың белсенді қатысуы – жаңа Конституция нормаларының іске асуына деген қоғамдық сенімді нығайтатын маңызды фактор. Мемлекеттің басты құжатын халық талқысына салу – дұрыс әрі жауапты қадам. Алдағы референдум демократия қағидаттарына сай, халықпен бірлескен шешім қабылдау негізінде өтпек. Референдум – әлем елдерінде аса маңызды саяси шешімдерді қабылдауда халықтың пікірін ескерудің негізгі тетігі ретінде мойындалған.
Қайыржанова Карлығаш
Ұстаз

