Жаңа бастамалар-берік мемлекет негізі

Қазақстандағы конституциялық бастамалар елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Негізгі заңның мазмұны қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделген. Бұл үрдіс мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттырып, ортақ жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.

 

Конституция – ел дамуының басты бағдары. Оның аясында жүзеге асатын бастамалар мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, қоғамдық институттардың белсенділігін күшейтеді. Сонымен қатар, халықтың пікіріне құлақ асатын мемлекет қағидатының нығаюына жол ашып, қоғамдағы ашықтық пен әділдік қағидаттарын бекемдей түседі.

 

Бүгінгі таңда мұндай қадамдар еліміздің тұрақты дамуына, заң үстемдігінің орнығуына және азаматтардың әл-ауқатының артуына қызмет етеді. Негізгі заңның беделі мен маңызын арттыру – болашақ ұрпаққа берік мемлекет пен біртұтас қоғам қалдырудың кепілі.

 

Мирдана Капезова 

аудандық аналар кеңесінің мүшесі 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT