КОНСТИТУЦИЯ ЛЫҚ РЕФОРМА ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА КОНСТИТУ ЦИЯСЫНЫҢ ЖОБАСЫН ЖАРИЯЛАҒАНЫ БЕЛГІЛІ. БҰЛ ЖОБАДА АЗАМАТТАРДАН, САЯСИ ПАРТИЯЛАРДАН, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН САРАПШЫЛАР ДАН ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛДАУ, АШЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА НОРМАЛАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІ МҰҚИЯТ ПЫСЫҚТАУ НӘТИЖЕСІНДЕ ӘЗІРЛЕНГЕН ЕКЕН. НӘТИЖЕСІНДЕ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ БАРЛЫҚ БӨЛІМДЕРІМЕН 77 БАБЫ, ЯҒНИ ЖАЛПЫ МӘТІННІҢ 84 ПАЙЫЗЫ ҚАМТЫЛЫПТЫ. БҰЛ ДЕГЕНІҢІЗ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ӘЗІРЛЕНІП ОТЫР ДЕГЕН СӨЗ.
Жаңа Конституция жобасында адами капиталды, білім, ғылым және инновацияны дамыту, зияткерлік меншік құқығын қорғау мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалыпты. Сонымен қатар цифрландыру саласында да маңызды қадам жасалып, алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау нормасы Конституцияға енгізіліп отыр. Жаңа жобаның мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының негізгі кепілі болады дегенге сенімім мол. Әрі бұл құжат еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына тың серпін әкеледі деген үміттемін.
Қайырғали ЖҰМАҚҰЛОВ,
аудандық қоғамдық кеңес мүшесі,



