Соңғы жылдары интернет алаяқтық фактілері көбейіп, әсіресе зейнеткерлер жиі зардап шегетін топтардың біріне айналды. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе туысқаны ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен азаматтардың жеке деректері мен банк карталарының мәліметтерін алдап алуға тырысады.
Зейнеткерлердің сенгіштігін пайдаланатын қаскөйлер телефон арқылы хабарласып немесе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жалған ақпарат таратады. Нәтижесінде көптеген азаматтар жинаған қаражатынан айырылып жатады.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін белгісіз адамдарға жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және ақша аудару туралы өтініштерге сақтықпен қарау қажет. Егер күмәнді қоңырау немесе хабарлама келсе, ресми ұйымдардың байланыс нөмірлері арқылы ақпаратты нақтылаған жөн.
Қаржылық сауаттылық пен қырағылық – интернет алаяқтарынан қорғанудың ең тиімді жолы



