Мемлекет басшысының есірткі бизнесімен күресті күшейту жөніндегі пікірі бүгінгі қоғам үшін аса өзекті. Есірткі саудасы – тек қылмыс емес, ұлттың қауіпсіздігі мен болашағына төнген үлкен қатер. Сондықтан бұл саладағы заңсыз табыстарды анықтау және қылмыстық жолмен алынған мүліктің барлығын тәркілеу – әділетті әрі қажетті қадам. Қылмыскерлердің мүлікті өзге адамдардың атына рәсімдеу арқылы жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеу – құқық үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Сонымен қатар заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейту халықаралық тәжірибеге сай келеді және көлеңкелі экономиканы азайтуға ықпал етеді. Бұл бастамалар қоғамда заңға деген сенімді арттырып, елдегі қауіпсіздікті нығайтуға қызмет етеді.
Ақмарал Каукенова
қазақ тілі пәні мұғалімі



