Орталық Азия елдерінің өзара сенім мен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасы өңірдің тұрақты дамуының басты кепіліне айналып келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, бауырлас мемлекеттердің бірлігі, ашық диалогы және ортақ мақсатқа ұмтылысы аймақтың саяси тұрақтылығы мен экономикалық өсіміне оң ықпал етеді. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен стратегиялық әріптестіктің нығаюы да осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Мұндай өзара түсіністік пен серіктестік өңірдің халықаралық беделін арттырып, халықтардың әл-ауқатын жақсартуға негіз болады.
Бағытжан Құнас
ардагерлер ұйымының төрағасы


