Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің болашағы үшін маңызды құжат. Онда дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылуы дұрыс шешім деп санаймын.
Бұл қоғамда татулық пен тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Білім беру мен тәрбиенің зайырлы болуы да өте маңызды. Себебі барлық бала тең әрі сапалы білім алуға құқылы. Некенің ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде бекітілуі дәстүрлі құндылықтарды қорғайды.
Отбасы – қоғамның негізі, сондықтан оны қорғау қажет. Жаңа өзгерістер заң үстемдігін нығайтуға бағытталған деп ойлаймын. Әр азамат Конституцияны құрметтеп, талаптарын орындауы керек. Сонда елімізде әділдік пен бірлік нығая түседі.
Ақмарал Утегенова

