«SOS-102» мобильді қосымшасы және қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстары
«Көктем» қазақ орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп инспекторы А. Сагибекова 8–11 сынып оқушыларына «SOS-102» мобильді қосымшасының маңыздылығы туралы ақпарат беріп, қосымшаны Google платформасы арқылы жүктеп алу және қажет жағдайда пайдалану тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, оқушыларға:«Менің құқықтарым менің жауапкершілігім» тақырыбында “нөлдік төзімділік” қағидаты бойынша:
Оқушыларға қауіпсіздік – әр адамның ортақ жауапкершілігі екендігі түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Мектептің ауласы, дәліздері және оқу кабинеттері бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтардың, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу бағытында бейнебақылау жүйесінің маңызы зор.
Сонымен қатар, білім алушыларға мектеп ғимаратында бейнебақылау жүргізілетіні туралы «Байқаңыз! Бейнебақылау» ақпараттық жапсырмалары түрлі-түсті нұсқада, оқушыларға көрнекті әрі қолжетімді болатындай етіп дәліздерге, кабинеттерге және мектептің басқа да бұрыштарына орналастырылды.
Қауіпсіз мектеп – жауапты қоғамның негізі!
Индер аудандық полиция бөлімі



