Жаңа Қазақстандағы Конституциялық реформа – елдің басқару жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Ол билік тармақтарының өзара үйлесімділігін күшейтіп, азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейтуді көздейді.
Бұл бастама құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға мүмкіндік береді. Ашықтық пен әділдік қағидаттары қоғамдағы сенімді нығайтып, мемлекеттік институттарға деген қолжетімділікті арттырады.
Реформаның жүзеге асуы елдің тұрақты дамуына, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтар арасындағы өзара жауапкершілікті нығайтуға жол ашады. Бұл – берік әрі біртұтас мемлекеттің негізгі негізі.
Мирдана Капезова
Аналар кеңесінің мүшесі

