Қоғамда заң мен тәртіп сақталса, ел дамып, халық тыныш әрі бейбіт өмір сүреді.
Ол әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан әр адам заңға бағынуы, тәртіпті болуы керек. Себебі қоғамда бейбіт өмір сүру үшін барлығымыз бірдей заңға мойынсұнуымыз қажет. Тәртіпсіздік пен заң бұзушылық орын алса, қоғам әлсірейді, сенім жоғалады. Егер адамдар бір-біріне зиян келтірмей мәдениетті әрекетпен, өзара құрметпен өмір сүрсе, бұл – қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Адамгершілік, әділеттілік және заңға бағыну – кез келген өркениетті елдің негізі. Заң орындалатын жерде әділдік орнайды, бейбіт өмір қалыптасады.
Сондықтан біз барлығымыз заңды құрметтеп, өз әрекетімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Осылай ғана қоғам өркендеп, болашағымыз жарқын болады.



