Заң мен заман талабы

Конституциялық тәртіп пен заңдар­дың әділеттілігін қамтамасыз ету – мемлекеттің ең басты міндеті. Бүкіл мемлекеттік, қоғамдық, жекеменшік ұйымдар, жекелеген лауазым иелері және барша азамат Конституция үстемдігінің сақталуына аса мүдделі. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ заңдардың нақты орындалу тетіктерін күшейту айрықша маңызға ие.

Конституция үстемдігін қамтамасыз ету­дің ең негізгі шарты – мемлекеттік билікті жүзеге асыруға құзыретті әрбір мемлекет­тік органның конституциялық міндеттерін мүл­тіксіз атқару. Өзін құқықтық мемлекет ретінде жариялаған барша мемлекеттердің заңнамасында Конституция талаптарының сақталуын қадағалау әртүрлі мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне жүктелген. Бұл – олардың негізгі міндеттері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT