Заң мен тәртіп - тұрақты дамудың басты кепілі

Президент Бас прокуратурада өткізген жиында: «Қоғамымызға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет. Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ, – деді.

Құқық қорғау органы ретінде біз үшін ең бастысы – заңдылық, тұрақтылық және қоғамдық келісім. Ашықтық жауапкершілікті арттырады, ал жауапкершілік – сапалы әрі өміршең шешімдердің негізі. Жабық қабылданған шешімдер әрдайым күмән туғызатыны белгілі, ал жария талқылау керісінше сенім қалыптастырады.

Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты берік орныққан қоғамның сенімі – тұрақты дамудың басты кепілі болмақ.

 

Ғ.Жұмағалиев,

 Индер ауданы полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы полиция майоры

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT