Заң бұзған жүргізушілер анықталды

Аудан көлемінде 11–17 шілде аралығында өтіп жатырған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Индербор кентінде "Nissan Tida" маркалы автокөлігі және Елтай ауылында «Урал» маркалы мотокөлтері тоқтатылып, тексеру барысында екі жүргізушінің де алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде болғаны анықталды.
Осыған сәйкес, Индер аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, "Nissan Tida" автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен, "Урал" маркалы мотокөлінің жүргізушіне ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлімен әкімшілік хаттамалары жасақталып іс-құжаттар Индер аудандық сотына жолданды.
Индер ауданы полиция бөлімі, жүргізушілерге көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен күйде басқару – өз өміріңізге ғана емес, жолаушылар мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретін ескертеді.
 
аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT