Өз-өзіне қол салу – мәселенің шешімі емес

Өмірде әр адам қиындыққа, түсініспеушілікке немесе ауыр эмоциялық кезеңдерге тап болуы мүмкін. Мұндай сәтте адам өзін жалғыз сезінуі ықтимал. Алайда қандай жағдай болса да, өз өміріне зиян келтіру мәселені шешпейді.

 

Ең бастысы – қиындықты жалғыз көтермеу. Сенім артатын ата-анаға, жақын адамға, мұғалімге немесе басқа да ересек адамға ішкі уайымыңды айту маңызды. Біреумен сөйлесу жағдайға басқа қырынан қарауға және көмек жолын табуға мүмкіндік береді.

 

Қоғамда әр адамның жанындағы адамға немқұрайлы қарамай, оның сөзін тыңдап, қолдау көрсетуі маңызды. Әсіресе жасөспірімдердің көңіл күйіне назар аударып, олармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату қажет.

 

Қандай қиындық болса да, одан шығудың қауіпсіз жолы бар. Көмек сұрау – әлсіздік емес, өзіңе қамқорлық жасаудың маңызды қадамы. Өмір – құнды, ал мәселе – шешімін табуға болатын жағдай.

 

 

Гүлбану Насиполла 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT