WhatsApp-ты компьютерде ашық қалдыру – жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне үлкен қатер. Егер ортақ немесе жұмыс компьютерінде аккаунтыңыз ашық қалып қойса, бөтен адамдар хат-хабарларыңызды оқып, жеке мәліметтеріңізді пайдаланып, тіпті таныстарыңызға сіздің атыңыздан хабарлама жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайлар алаяқтардың арбауына түсіп, қаржылық шығынға ұшырауға себеп болады.
Сондықтан жұмысыңыз аяқталған соң міндетті түрде WhatsApp Web немесе Desktop нұсқасынан шығып (Log out), күмәнді құрылғыларды тексеріп отырыңыз. Цифрлық қауіпсіздік – әр адамның өз жауапкершілігі. Бір сәттік ұқыпсыздық алаяқтардың оңай олжасына айналдыруы мүмкін.
А.Каукенова


