WHATSAPP АРҚЫЛЫ АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Қазіргі таңда WhatsApp арқылы жасалатын интернет-алаяқтық жиілеп отыр. Алаяқтар күмәнді сілтемелер жіберіп немесе растау кодын алдау арқылы аккаунтты иемденіп, адамның атынан туыстары мен таныстарынан ақша сұрауы мүмкін.

Сондықтан белгісіз сілтемелерді ашпаңыз, растау кодын ешкімге бермеңіз. Танысыңыз ақша сұраса, алдымен телефон арқылы хабарласып, мән-жайды анықтаңыз. Киберқауіпсіздікке бейжай қарамай, жеке деректеріңізді қорғаңыз!

Гүлбану Насиполла

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT