Велосипед қауіпсіздігі – қоғам назарында

Заң мен тәртіп

Аудан тұрғындары назарына! Ағымдағы жылдың 16-25 сәуір аралығында аудан аумағында “Велосипед ұрлығына қарсы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – велосипед ұрлығының алдын алу, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жеке мүліктің сақталуына жауапкершілікті арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту.

Қазіргі таңда велосипед – балалар мен ересектер үшін ыңғайлы көлік құралына айналды. Алайда соңғы уақытта оны ұрлау деректері де кездесіп жатады. Осыған байланысты құқық қорғау органдары аудан көлемінде алдын алу шараларын күшейтіп, тұрғындарға сақтық ережелерін түсіндіруде.

Тұрғындарға велосипедтерін подъезд, аула, дүкен маңы секілді қараусыз жерлерге қалдырмау, міндетті түрде арнайы құлыппен бекіту, мүмкіндігінше бейнебақылау орнатылған орындарға қою ұсынылады. Сонымен қатар велосипедтің құжаттарын, фотосуретін және ерекше белгілерін сақтап қойған жөн. Бұл жоғалған жағдайда іздестіру жұмыстарын жеңілдетеді.

Егер күмәнді адамдарды немесе заңсыз әрекеттерді байқасаңыздар, дереу полиция қызметкерлеріне хабарласыңыздар. Қоғамдық қауіпсіздік пен жеке мүлікті қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сақтық шараларын сақтау арқылы қылмыстың алдын алуға бірге үлес қоса аламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT