УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БИЛІКТІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА РЕФОРМАЛАУ ТУРАЛЫ БАСТАМАСЫН БЫЛТЫРҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ХАЛЫҚҚА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАРИЯ ЕТТІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БЕСІНШІ ОТЫРЫ СЫНДА БІР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТ ҚҰРУДЫ АЙРЫҚША АТАП ӨТТІ. 

Саяси өзгерістердің өзегіне айналған парламенттік реформа қызу талқыланған тақырыпқа айналып шыға келді. Әсіресе сарапшылардың ойы бір арнадан шығып жатыр. Бұлай болуы заңдылық та. Себебі азаматтардың тең құқылығын қамтамасыз ететін демократиялық құндылықтарға негізделген бұл реформа көптің көкейінде жүрген күмәнді ойларды сейілтті. Өйткені ендігі өзгеріс бойынша бір палаталы Парламент депутаттарының бәрі теңдей сайлау тәсілі арқылы мандатқа ие болады. Бұрынғыдай Президент пен Қазақстан халқы Ассамблеясына тиесілі квота деген болмайды. Яғни алдағы уақытта Құрылтай деп аталатын заң шығарушы органдағы депутаттардың ешқайсысы бір-бірінен ерекшеленбейтін тең мәртебеге ие болады.

Бір палаталы модель – әрқашан үнемдірек. Ол қайталанатын құрылымдарды жояды, Үкімет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл реформаның негізгі себебі болмаса да, атап өтерлік маңызды негіздеме. Жалпы, халықаралық тәжірибеге көз жүгіртсек, бір палаталы Парламенттің тиімділігін аңғаруға болады. Бұл ретте жартылай президенттік жүйесі, күшті институционалдық негізі қалыптасқан бір палаталы парламенті бар Португалияны мысалға алсақ болады. Дәл іргеміздегі Қырғыз Республикасыда жалғыз палатамен-ақ заң шығарушы билік тармағының жұмысын жандандырып отыр.

Әуелі конституциялық реформа, бір палаталы Парламент құру, оны Құрылтай деп атау және Халық кеңесін құру жөніндегі Президент енгізген ұсыныстардың барлығы да мемлекеттің де, халқымыздың да дүниенің қазіргі және алдағы болжапта болмайтын сан құбылысқа бейімделіп, түрлі сынаққа даяр болуымыздың дер кезінде жасалып отырған қадамдары деп білеміз. Уақыт, заман өзгерген сайын, сөз жоқ, халқымыздың сана сезімі де өсіп, билікке қояр талаптары да күшейе түсіп жатыр. Алайда біздің әрқайсымыз елдік және мемлекеттік мүддеге сай өзімізге өзіміз талап қоя білеміз бе?

Ал қазіргі талап – Қазақстан циф рландыру және жасанды интеллектіні қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізе бастаған шақта осыған бейімделу, сөйтіп сол арқылы тіршілігімізді түзеу ісін ойластыру, қолға алу. Бұл бүгінде қарқынды дамып келе жатқан заманның көшінен қалмас үшін қажет.

Қазіргі Әділетті, қауіпсіз Қазақстанның қуатын одан әрі арттыру үшін Президент айтқандай, бірлігімізді бекемдеп, білек сы банып іске кірісуіміз керек.

А.РАМАЗАНОВ,

 аудандық мәслихат төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026