Конституциялық реформа – Мемлекет басшысының идеясымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаның заңды жалғасы, бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі.
Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының, ішкі және сыртқы саясаттың субъектісінің стратегиялық даму бағыттарын айқындайды. Ұсыныстар мұқият зерделеніп, нәтижесінде Конституциялық комиссия бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды.
Елімізде тәуелсіздік жылдарында, яғни 1995 жылы 30 тамызда Ата заң қабылданған болатын. Бұл құжат халыққа қызмет жасады. Одан бері де уақыт зулап, 30 жыл өткен екен. Әрине уақыт алға жылжи береді. Алдымызда Жаңа Қазақстанда көптеген өзгерістер болады деп есептеймін. Жаңа Конституция халықпен ашық диалог жүргізу барысында шынайы мүддесін айқындайды. Сондықтан Қазақстан үшін Ата заңды жедел жаңалау керек-ақ. Алдағы уақытта жаңа Конституция орнықты елдің заңдық темірқазығы болады деп үміттенеміз.
Сағынтай Керешев,
ардагер ұстаз,



