Тұрмыстық жанжалдың алдын алу – ортақ міндет

Қазіргі қоғамда тұрмыстық жанжал мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес. Отбасындағы түсініспеушілік, өзара сыйластықтың болмауы, ашуға берілу кейде үлкен дауға ұласып жатады. Мұндай жағдайлар отбасының берекесіне ғана емес, бала тәрбиесі мен қоғам тыныштығына да кері әсерін тигізеді.

Тұрмыстық жанжалдың туындауына түрлі себептер әсер етеді. Атап айтқанда, отбасындағы қаржылық қиындықтар, қызғаныш, ішімдікке салыну, бір-бірінің пікірін құрметтемеу жиі келіспеушілікке әкеледі. Сондықтан кез келген мәселені күш қолданбай, өзара түсіністік пен сабыр арқылы шешу маңызды.

Отбасындағы татулық пен сыйластық – қоғам тұрақтылығының негізі. Әрбір адам жақындарына құрметпен қарап, дау-дамайды ушықтырмай, мәселені бейбіт жолмен шешуге ұмтылуы керек. Тұрмыстық жанжалдың алдын алу – баршамызға ортақ жауапкершілік.

 

Жадыра Нариманова 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT