Ауылдың таза әрі көрікті болуы тек тазалық жұмыстарына жауапты мекемелерге байланысты емес. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына мән берсе, елді мекеннің ажары да арта түседі. Қазір ауылдарда ұйымдастырылып жатқан сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары осы ортақ мақсатқа бағытталған. Әсіресе, жастардың осындай шараларға белсенді қатысуы көңіл қуантады. Өйткені туған жерге қамқорлық нақты іспен көрінеді.
Айбол Беккалиев
ауыл тұрғыны



