Туған жерге тағзым тазалықтан басталады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама. Тазалық жұмыстарына тұрғындардың белсенді қатысуы – елді мекеннің көркеюіне үлкен үлес қосады. Әрбір таза аула, абаттандырылған көше, отырғызылған тал мен жиналған қоқыс – ортақ еңбектің нәтижесі.

Туған жердің тазалығы бір күндік акциямен шектелмеуі керек. Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың күнделікті әдетіне айналғаны дұрыс. Өзімізден бастап тазалықты сақтасақ, кейінгі ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдырамыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасына қолдау білдіріп, туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысайық!

 

Г.Насиполла

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT