– «Таза Қазақстан» акциясы адамдарды бірлікке, еңбекқорлыққа үндейді. Ауыл тұрғындары сенбіліктерге бірге шығып, көше бойларын тазалап, ағаш көшеттерін отырғызып жатыр. Мұндай жұмыстар ауылдың көркеюіне ғана емес, тұрғындардың ауызбіршілігінің артуына да әсер етеді. Таза ауылда өмір сүру әркімге жағымды. Сондықтан қоршаған ортаны таза сақтау тек акция кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналуы керек деп ойлаймын.

