Туған жер тазалығы -әр азаматтың міндеті

Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген «Таза Қазақстан» бастамасы – қоғам үшін аса маңызды әрі өзекті идея. Бұл тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, әр адамның сана-сезімін өзгертіп, жауапкершілігін арттыруға бағытталған үлкен қадам. Шынайы тазалық – сыртқы ортадан бұрын, адамның өзінен басталады.


Қазіргі таңда бұл бастама халықты, әсіресе жастарды, ортақ іске жұмылдырып отыр. Табиғатты қорғау, туған жерге жанашырлық таныту – әр азаматтың парызы. Егер әрқайсымыз өз ауламыздан, өз көшімізден бастап үлес қосатын болсақ, елімізді таза әрі көркейген мекенге айналдыруға толық мүмкіндік бар.
Сондықтан «Таза Қазақстан» – уақытша акция емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өмір салтына айналуы тиіс маңызды бастама.

 

Жанар Изимова

жас маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT