Туған жердің көркеюі мен тазалығы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы. Қазіргі таңда елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналды.
Табиғат – адамзаттың ең үлкен байлығы. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау – болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз. Көшелерді, аулаларды, өзен-көл жағалауларын таза ұстау арқылы біз өзіміз өмір сүріп жатқан ортаның сапасын жақсартамыз.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген сенбіліктер өткізіліп, қоғамдық орындар тазартылуда. Мұндай жұмыстар тұрғындардың белсенділігін арттырып қана қоймай, жастардың табиғатқа деген жанашырлығын қалыптастырады.
Тазалық – бір күндік шара емес, ол – әр адамның күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Туған жердің тазалығына атсалысу – елге деген құрметтің белгісі.



