Мемлекет басшысы айтқандай, «Таза Қазақстан» – жай ғана науқан емес, қоршаған ортаға деген көзқарасымызды өзгертетін маңызды бастама. Аудан тұрғыны ретінде туған жеріміздің таза әрі көрікті болғанын қалаймын. Сондықтан тазалық жұмыстарына әр азамат өз үлесін қосып, көшені, ауланы, айналаны таза ұстауға жауапкершілікпен қарауы керек. Таза аудан – өзімізге де, кейінгі ұрпаққа да қалдыратын жақсы мұра.
Жанар Изимова
аудан тұрғыны



