Цифрлық даму мен жасанды интеллектті енгізу – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі цифрлық форматқа көшіп, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі жақсарды. Жасанды интеллектті білім, медицина, өндіріс және қауіпсіздік салаларына енгізу уақытты үнемдеп, адам факторынан туындайтын қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді. Жолдауда осы бағыттың басымдық ретінде айқындалуы – экономиканы жаңғыртып, заманауи технологияларға негізделген қоғам қалыптастыруға жасалған нақты қадам.
А.Каукенова
мұғалім



