Цифрлық дамуға жол ашатын маңызды қадам

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің іске қосылуы – еліміздің цифрлық дамуындағы маңызды жетістіктердің бірі.

Бұл жоба халықаралық байланысты нығайтып қана қоймай, Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық көпір ретіндегі мүмкіндігін кеңейтеді. Заманауи инфрақұрылымның дамуы интернет сапасын арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге және экономикаға инвестиция тартуға оң ықпал етеді. Ең бастысы, мұндай бастамалар еліміздің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашақтағы технологиялық дамуына берік негіз қалайды.

Ғалия Жұмағалиева

ардагер ұстаз

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT