Аудан көлемінде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Көктем қазақ орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, үлкендерді құрметтеу, тәртіп сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңінен айтылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда шу шығару, төбелес ұйымдастыру, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру сынды әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді.
Сондай-ақ жасөспірімдерге түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүрмеу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыру.

